БАСҚАЛАРЫ
Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Румынияның Клуж-Напока қаласында 23-30 қараша аралығында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем біріншілігі өтеді. Бұл жарыста Қазақстан намысын 19 жасқа дейінгі санатта Алан Құрманғалиев қорғайды.
Отандық спортшы жекелей сыннан бөлек, жұптық және аралас сайыстарда да бақ сынайды. Жұптық сында оның серіктесі ирандық Беньямин Фараджи болса, аралас сайыста мысырлық Хана Годамен бірге өнер көрсетеді.
Айта кететін жайт, Алан мен Хананың жұбы бұған дейін сәтті өнер көрсеткен. Олар 2022 жылы Тунисте өткен 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанған болатын.



