
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының мүшесі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Жерлесіміз рапира бойынша өткен жеке сынның финалына дейін жетіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.
Шешуші жекпе-жекте Актаева түркиялық Алара Атмакамен жолықты. Тартысты өткен кездесу 15:13 есебімен Түркия спортшысының жеңісімен аяқталды.



