БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Мариан Журавлева джиу-джитсудан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының спортшысы Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленді.

Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Бұл санатта жекпе-жектер айналмалы жүйе бойынша өтті. Журавлева үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Ол:

  • марокколық Ясмин Арбибті,

  • палестиналық Дания Убайдты,

  • ирандық Хасти Хаммудиді
    жеңіп, чемпион атанды.

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button