БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

БҰҰ 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған бітімгерлік туралы қарарды қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезеңінде олимпиялық бітімгерлікті қамтамасыз етуге бағытталған резолюцияны мақұлдады.

«Спорт арқылы бейбітшілікті нығайту және адамдардың игілігін арттыру, сондай-ақ олимпиялық идеалдарды жүзеге асыру» деп аталатын құжат Ассамблея мүшелерінің толық келісімімен қабылданды.

Халықаралық Олимпиялық комитет президенті Кирсти Ковентри дауыс беру алдында сөз сөйлеп, спорт пен саясатты араластырмаудың маңызын атап өтті.

«Біз спорт пен саясатты бөлу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Спортшылар қабылдаушы елге еркін келіп, жарыстарға қатыса алуы тиіс. Олар саяси себептерге байланысты виза берілмей қалу қаупіне ұшырамауы керек», — деді Ковентри.

Құжат тоғыз баптан тұрады. Ең негізгі тармақ — Олимпиада басталардан жеті күн бұрын және Паралимпиада аяқталғаннан кейінгі жеті күн ішінде олимпиялық бітімгерлікті сақтау, спортшылар мен ресми тұлғалардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар резолюция БҰҰ-ның барлық мүше мемлекеттерін Олимпиада және Паралимпиада ойындары кезінде спортты бейбітшілік, диалог, толеранттылық және татуласу құралы ретінде ілгерілету мақсатында Халықаралық Олимпиялық комитет және Халықаралық Паралимпиялық комитетпен тығыз ынтымақтасуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button