
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның әйелдер гандбол құрамасы финалға шықты.
Жартылай финалда отандастарымыз Иран құрамасын 28:25 есебімен ұтып, шешуші кезеңге жол ашты.
Алтын жүлде үшін Қазақстан құрамасы Түркия командасымен кездеседі.



