
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы жекелей финалда қазақстандық спортшы Мысыр өкілі Омар Ассармен кездесіп, шешуші матчта 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша Герасименко Париж Олимпиадасында кеткен есесін қайтарды.
Еске сала кетейік, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында жолыққан еді. Ол матчта мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.
Бұл жолғы жеңіс – қазақстандық спортшының халықаралық аренадағы маңызды жетістіктерінің бірі.



