БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Исламиада-2025: Қазақстан құрамасы жүзуден күміс медаль иеленді

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден күміс жүлдеге қол жеткізді.

Спортшылар 4×100 метрге еркін стильде эстафета жарысында екінші орын алды.

Қазақстан намысын Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов, Глеб Коваленя және Даниил Черепанов қорғады.

Жарыстың жеңімпазы — Түркия құрамасы, ал Өзбекстан үздік үштікті қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button