АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Исламиада-2025: Любовь Ковальчук екі күміс медаль жеңіп алды

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Любовь Ковальчук екі күміс медаль иеленді.

Спортшы 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алдымен жұлқа көтеруде екінші нәтиже көрсетіп, күміс медальға қол жеткізді. Кейін серпе көтеруде 150 келіні еңсеріп, тағы да екінші орынға тұрақтады.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Ковальчуктың нәтижесі 267 келі болып, ол үшінші рет күміс медаль жеңіп алды.

Осылайша, қазақстандық ауыр атлет Исламиада-2025 ойындарының үш дүркін жүлдегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button