
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин күміс медаль иеленді.
Спортшы 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында қашықтықты 52.73 секундта еңсеріп, екінші орынға табан тіреді.
Жарыстың жеңімпазы — өзбекстандық Эльдорбек Усмонов (52.69), ал үшінші орынға Джессе Сенгози (Уганда) ие болды (53.45).
Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Сказобцев осы қашықтықта 53.57 нәтижесімен төртінші орынға тұрақтады.



