БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындары ресми түрде ашылды

7 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара «Аль-Джандрия» ипподромында ұйымдастырылды. Мұнда Сауд Арабиясына тән дәстүрлі нақыштар заманауи жарық шоуымен, 3D-көрініспен, дрондар қойылымымен және өнерпаздар мен фольклорлық топтардың әсерлі өнерімен үйлесім тапты.

Салтанатты шараның негізгі бөлігі ретінде дәстүрлі спортшылар шеруі өтті. Онда Исламиада-2025 турниріне қатысушы 57 елдің өкілдері сап түзеді. Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы мен дзюдошы Аруна Джангельдина болды.

Айта кетейік, Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындары 21 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының атынан 100-ден астам спортшы қатысып, жарыс бағдарламасына енген 23 спорт түрінің ішінен 15-інде бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button