
Ресми ашылу салтанатына дейін кейбір спорт түрлерінен бәсекелер басталып кетті.
Қазақстан құрамасының өкілдері пенчак силаттан сынға түсті. Нұрдәулет Тасмағанбетов (65 келіге дейін) бірінші орын алып, жеңімпаз атанды. Арай Аманбай (60 келіге дейін) күміс жүлдегер болса, Уәли Жалғасбай (60 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, пенчак силат Исламиада-2025 бағдарламасына көрсетілімдік спорт түрі ретінде енгізілген. Сондықтан бұл сайыстардың медальдары ресми командалық есепке кірмейді.



