БАСҚАЛАРЫ
Астанада желтоқсанда халықаралық бадминтон турнирі өтеді

2025 жылдың 17-21 желтоқсан аралығында Астанада Astana International Challenge 2025 атты халықаралық бадминтон турнирі өтеді.
Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналады.
Бұл турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері де ел намысын қорғайды.



