Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

5–8 қараша аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы Жапония, Қытай және Корея командаларымен жүлде үшін жарысады.
Жарысқа дайындық мақсатында 30 қазанда Өскеменде оқу-жаттығу жиыны басталды. Құрама сапына еліміздің төрт клубының ойыншылары шақырылған: «Айсұлу» және «Айсұлу Таңдаулы» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен).
Жалпы жиынға 26 хоккейші (23 ойыншы және 3 қақпашы) қатысады. Турнирге қатысатын негізгі құрамда 23 спортшы болады.
Қақпашылар:
 Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де – «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»).
Қорғаушылар:
 Юлия Буторина, Дария Молдабай (а), Александра Воронова (бәрі – «Томирис»),
 Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де – «Торпедо»),
 Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (бәрі – «Айсұлу»).
Шабуылшылар:
 Малика Алдабергенова (А), Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (бәрі – «Айсұлу»),
 София Зубкова, Кира Крухольская, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (бәрі – «Торпедо»),
 Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (бәрі – «Томирис»),
 София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы»).



