ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ 
 Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде ел намысын қорғайды

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы Жапонияның Осака қаласында өтетін Гран-придің қатысушылар тізімін жариялады.
Әйелдер арасындағы жекелей сынға Қазақстан атынан Софья Самоделкина қатысады. Ол осы маусымның басында АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен жарыста күміс медаль иеленген еді.
Байрақты бәсекеде барлығы 12 спортшы өнер көрсетеді. Жарыс 7-9 қараша күндері өтеді.



