БАСҚАЛАРЫ 
 Кирилл Герасименко ойнайтын «Вердер» Германия чемпионатында көш бастап келеді

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко өнер көрсететін Бременнің «Вердер» клубы үстел теннисінен Германия чемпионатының көшін бастап тұр.
Жоғары дивизионда 12 команда маусым соңында өтетін финалдық төрттікке ену үшін өзара бақ сынауда.
Алты турдың қорытындысы бойынша турнир кестесі келесідей:
 1 орын – «Вердер» (Бремен): 5 жеңіс, 1 жеңіліс (5–1)
 2 орын – FC TT (Саарбрюккен): 4–2
 3 орын – TTC (Швальбе Бергнойштадт): 4–2
 4 орын – «Боруссия» (Дюссельдорф): 4–2
 5 орын – ТТС (Фульда-Маберцелль): 4–2
 6 орын – ASC (Грюнветтерсбах): 3–3
 7 орын – TTF (Оксенхаузен): 3–3
 8 орын – SV (Мюльхаузен): 3–3
 9 орын – «Боруссия» (Дортмунд): 2–4
 10 орын – TTC (Гренцау): 2–4
Келесі турда, 3 қараша күні «Вердер» өз алаңында «Гренцау» командасымен кездеседі.



