Спорт Министрі | Көкпар турнирінде Меркі жігіттері жеңімпаз атанды
ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Көкпар турнирінде Меркі жігіттері жеңімпаз атанды

28-30 қазан аралығында Жамбыл облысы, Меркі ауданында командалық көкпардан облыстық ашық турнир өтті.

Республика күніне арналған айтулы жарысқа жалпы жиыны 13 команда қатысты. Павлодар облысы, Шымкент қаласы, Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Шу ауданы, Жамбыл ауданы, Талас ауданы командалары және Тілеміс, Меркі жастар, Достық, Тәтті, Андас Батыр, және Бірлес командалары өзара мықтыны анықтады.

Спорт Министрі | Көкпар турнирінде Меркі жігіттері жеңімпаз атанды

Төрт команда топты жарып, жартылай финалға шықты. Олар Жамбыл ауданы, Талас ауданы, Шымкент қаласы және Меркі ауданы құрама командасы. Жартылай финалдық ойында алаң иелері Жамбыл ауданы командасымен кездесіп, 4-3 есебімен басым болды. Ал, Шымкент қаласы командасы Талас ауданын айқын басымдықпен ұтты. Есеп 8-1.

Спорт Министрі | Көкпар турнирінде Меркі жігіттері жеңімпаз атанды

Үшінші орын үшін таласта Жамбыл ауданы, Таластан келген шабандоздардан басым болды. 5-2 есебі тіркелді.
Финалдық сайыста алаң иелері осы жарысқа тыңғылықты дайындалғанын көрсетті. Шым қаладан келген жігіттерден айласын асырып, 4-1 есебімен жеңіске жетті. Меркі ауданы командасы турнир жеңімпазы.
Осылайша бас жүлде алған Меркі ауданы командасы 3 000 000 млн теңге, Шымкент қаласы 1 500 000 млн теңге, Жамбыл ауданы 1 000 000 млн теңге, Талас ауданынан келген командаға түйе табысталды.
Ашық турнирдің жабылу салтанатында республикалық Көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров сөз алып, барша жеңімпаздармен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтады. Онымен бірге командалық көкпардан жарыстар көбейетінін алға тартты.
Ашық турнирді ұйымдастырған Қазақстан Көкпар федерациясы, Меркі ауданы әкімдігі және Меркі ауданының азаматтары.
Айта кетейік қараша айының 15-22 аралығында Шымкент қаласында клубтар арасындағы республикалық турнир өтеді. Сол жарысқа барша командаларды шақырамыз. Жүлде қоры 28 500 000 млн теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button