
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жүзгіш Александр Румынский жеңімпаз атанды.
Спортшы 100 метрге арқамен жүзу сайысында қарсыластарына мүмкіндік бермей, 56.44 секунд нәтижемен мәреге бірінші келді. Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жаңа рекорды болып тіркелді.
Күміс медаль Қытай өкілі Цзы Шицыге (56.56), ал қола медаль Тайбэй спортшысы Кай Чанға (56.78) бұйырды.



