
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы жүзуден күміс медаль иеленді.
Спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафета сайысында екінші болып мәре сызығын кесті. Ел намысын Александр Румынский, Анатолий Руденко, Фёдор Диденко және Әлихан Құтлұмұрат қорғады.
Бұл жарыста Гонконг құрамасы жеңімпаз атанса, Оңтүстік Корея спортшылары үшінші орынға табан тіреді.



