
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші медалін жеңіп алды.
28 қазанда қыздар арасында командалық сайыс өтті.
Қазақстандық Валерия Кузнецова мәреге екінші болып жетті.
Өзбекстандық Гулхаё Сатторова жарыс жеңімпазы атанды. Гонконг өкілі Чин Киу Лоу үздік үштікті түйіндеді.
Анель Ташбай — 9-орын, Ирина Ивановская — 10-орын, Карина Мискова — 19-орынды иеленді.



