БАСҚАЛАРЫ
Александр Румынский жүзуден жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жүзгіш Александр Румынский Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Спортшы 200 метрге арқамен жүзу сайысында финалға жолдама алды.
Шешуші кезеңде Румынский үшінші нәтиже көрсетті. Ол мәреге 02:03.97 уақытымен жетті.
Бірінші орынды Тайбэйлік Ю-тен Хуан (02:01.96) иеленсе, күміс медаль қытайлық Шици Цзиге (02:02.57) бұйырды.



