БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық волейболшы қыздар жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қыздар құрамасы жағажай волейболынан үшінші орынды иеленді.
Үшінші орын үшін өткен матчта Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия құрамасына қарсы ойнады.
Қазақстандықтар қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді.



