БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан муай-тайдан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үш қола медаль жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында муай-тай жарыстары жалғасуда.
Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына үш қола медаль түсті.
Үш спортшы да жартылай финалға дейін жетті.
Айсұлу Ковалева (40 келіге дейін) таиландтық Наттида Канябуриден жеңілді, Алина Сайлау (45 келіге дейін) палестиналық Вивиан Эллиске жол берді, ал Камила Абдолда (48 келіге дейін) вьетнамдық Пхуон Нгуенге есе жіберді.



