Спорт Министрі | Милад Карими әлем чемпионатында бесінші орын иеленді
БАСҚАЛАРЫ

Милад Карими әлем чемпионатында бесінші орын иеленді

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынады.

Кермедегі жаттығу бойынша өткен ақтық сында ол 14.366 ұпай жинап, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Жарыс жеңімпазы атанған америкалық Броди Мэлоун 14.933 ұпай иеленді. Екінші орында — жапондық Дайки Хашимото (14.733), ал үшінші орынды Ұлыбритания спортшысы Джо Фрейзер (14.700) еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button