Спорт Министрі | Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.

Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.

Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button