БАСҚАЛАРЫ
Нариман Курбанов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Ат снарядындағы жаттығуларда Курбанов финалға жолдама алған еді. Алайда бұл жолы жүлделі орынға іліге алмады.
Нариман 13.533 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Ал оның командаласы Зейнолла Ыдырысов (13.666 ұпай) бір саты жоғары орналасқан.
Жарыс жеңімпазы Қытай өкілі Хон Яньмин болды – 14.600 ұпай.
Күміс жүлдені Армения спортшысы Мамикон Хачатрян иеленді – 14.600 ұпай.
Қола медаль Патрик Хупсқа (АҚШ) бұйырды – 14.566 ұпай.



