Спорт Министрі | Үш қазақстандық гимнаст әлем чемпионатының финалына жолдама алды
БАСҚАЛАРЫ

Үш қазақстандық гимнаст әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты қазақстандық жанкүйерлер үшін қуанышты жаңалықпен жалғасты — үш отандасымыз финалға шықты.

Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ол кермедегі жаттығуларда 14.200 ұпаймен финалға жолдама алды.

Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, 14.700 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Бұл — турнирдегі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, Зейнолла Ыдырысов та ат снарядындағы жаттығуда 14.300 ұпай жинап, финалға шықты.

Өкінішке қарай, Диас Тойшыбек, Дмитрий Потанин және Ілияс Әзізов ақтық сынға өте алмады.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулардың финалы 24 қазанда, ал кермедегі жаттығулар бойынша шешуші бәсеке 25 қазанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button