Спорт Министрі | Қазақстан көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Ташкентте (Өзбекстан) өткен көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан ерлер құрамасы жарыстың басты трофейін жеңіп алды.

Финалда ұлттық құрама алаң иелері — Өзбекстан құрамасымен кездесіп, тартысты өткен матчта 5:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Орталық Азия чемпионы атанды.

Ал әйелдер құрамасы да сәтті өнер көрсетіп, қола медаль иеленді. Қазақстандық спортшы қыздар үшінші орын үшін өткен кездесуде Тәжікстан құрамасын 12:0 есебімен ойсырата жеңді.

Биылғы чемпионатқа ерлер мен әйелдер арасында барлығы бес елдің құрамалары қатысып, аймақтық деңгейде жоғары спорттық дайындық көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button