Спорт Министрі | Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық семсерлесу федерациясының өкілдерін марапаттады
БАСҚАЛАРЫ

Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық семсерлесу федерациясының өкілдерін марапаттады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирбулат Әбуов және ұйымның бас хатшысы Дмитрий Грязновпен кездесті.

Кездесу барысында елімізде семсерлесу спортын дамыту мәселесі талқыланды. Тараптар федерацияның қазіргі жұмыс барысын атап өтіп, оң өзгерістер байқалып отырғанын айтты.

Мирбулат Әбуовтың айтуынша, соңғы жылдары семсерлесуге қызығушылық артқан. Жас әрі дарынды спортшылар қатары көбейіп, ішкі бәсекелестік күшейген. Бұл өз кезегінде ұлттық құраманың нәтижесін жақсартуға ықпал етуде.

Федерация басшысы елордада алғаш рет шетелдік спортшылардың қатысуымен өткен «Мықтылар турнирі» туралы да баяндады.

Сонымен қатар тараптар 2027 жылы Астанада өтетін Азия чемпионатының ұйымдастырылу барысын талқылады. Бұл турнир Олимпиада алдындағы маңызды кезең әрі 2028 жылғы ойындарға іріктеу ретінде өткізіледі.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін федерация өкілдерін марапаттады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button