Қазақстанда шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

5–8 қараша аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылады.
Бұл жарысқа Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысады. Командалар құрлықтық біріншіліктің жүлделері үшін өзара күш сынасады.
Аталған турнир алғаш рет былтыр Қытайда өткен болатын. Сол жарыста қазақстандық хоккейшілер айыпсоққы сериясында Корея құрамасын жеңіп, қола медаль иеленген еді.
Биыл ақпанда өткен Азия ойындарында қос команда қайта жолығып, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінде Қытай мен Кореяны ұтып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазіргі таңда әйелдер арасындағы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) рейтингінде ең жоғары орында тұрған Жапония құрамасы алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар жапон хоккейшілері 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.