Спорт Министрі | Алматы облысында ат спортының Қазақстан чемпионаты өтеді
БАСҚАЛАРЫ

Алматы облысында ат спортының Қазақстан чемпионаты өтеді

17–19 қазан аралығында Алматы облысындағы «Almaty Horse & Polo Club» базасында атпен мәнерлеп жүруден (выездка) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Үш күнге созылатын жарыста медальдар балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер санаттарында сарапқа салынады. Сонымен қатар, бағдарламаға FEI халықаралық сынақтары енгізілген.

Атпен мәнерлеп жүру – бұл шабандоз бен жылқы арасындағы үйлесімділікті, ырғақ пен тепе-теңдікті бағалайтын спорт түрі. Сондықтан да оны жиі «жылқы үстіндегі балет» деп атайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button