БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық гимнастар әлем чемпионаты алдында Жапония құрамасымен бірлескен жаттығу өткізуде

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы 19–25 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңінде.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама Токиода әлемнің ең мықты құрамаларының бірі саналатын Жапония командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
– Біздің гимнастар Олимпиада чемпиондары Дайки Хашимото мен Ока Шинасукемен бірге жаттығып жатыр. Бұл – дайындықтың шешуші әрі өте пайдалы кезеңі, – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ким.
Еске сала кетейік, алдағы әлем чемпионатында ел намысын Милад Карими, Нариман Курбанов, Ілияс Әзізов, Диас Тойшыбек, Зейнолла Ыдырысов және Дмитрий Патанин қорғайды.