Спорт Министрі | Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матчтың үздіктері аталды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матчтың үздіктері аталды

SofaScore аналитикалық порталы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македония – Қазақстан матчының үздік ойыншыларын жариялады.

Матчтың ең үздік ойыншысы атағын 8,1 ұпай алған Энис Барди иеленді — ол өз командасына бір ұпай сыйлаған голдың авторы болды.

Қазақстан құрамасынан ең жоғары баға алғандар – гол соққан Дінмұхамед Қараман мен қақпашы Мұхамеджан Сейсен (екеуінің де көрсеткіші 7,8 ұпай).
Үздік үштікті 7,6 ұпаймен қорғаушы Нұралы Әліп түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button