БАСҚАЛАРЫ
Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы ширек финал жолдамасы үшін ойнайды

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңді сәтті аяқтады.
Үш кездесу қатарынан жеңіске жеткен қазақстандықтар өз тобында бірінші орынға ие болды. Енді олар ширек финалға жолдама алу үшін Солтүстік Корея құрамасымен кездеседі.
Ал әйелдер командасы Сингапурдан ұтылып, топтық кезеңде екінші орын алды. Енді қазақстандық теннисшілер 11-14 орындар үшін Иран құрамасымен бақ сынайды.