Спорт Министрі | Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы халықаралық турнирде өнер көрсетті
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы халықаралық турнирде өнер көрсетті

Грузияның Тбилиси қаласында өткен Trialeti Trophy 2025 халықаралық турниріне Қазақстан әйелдер құрамасы қатысты. Ел намысын үш спортшы қорғады.

София Фарафонова қос бағдарлама қорытындысы бойынша 93.33 ұпай жинап, 23-орыннан көрінді.
Амина Алексеева 78.24 ұпаймен 24-орынға, ал Русалина Шакрова 61.68 ұпаймен 25-орынға тұрақтады.

Жарыстың жеңімпазы грузиялық Анастасия Губанова болды (203.69 ұпай). Израильдік Мария Сенюк күміс (185.80), ал Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин қола медаль (183.28) иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button