
Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы жарысты 23 медальмен аяқтады: 8 алтын, 7 күміс және 8 қола. Бұл нәтиже ұлттық құрамамызға жалпыкомандалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді — 40 алтын, 10 күміс және 4 қола медаль. Ал үздік үштікті 5 алтын, 12 күміс және 4 қола жүлдемен Жапония құрамасы түйіндеді.