Спорт Министрі | Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар әртістік жүзуден тағы бір жүлдеге ие болды.

Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова әйелдер арасындағы еркін бағдарламада 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды.

Жарыста Өзбекстан құрамасы — Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова (209.9784 ұпай) бірінші орынды иеленсе, Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян (183.4671 ұпай) қола медальға қол жеткізді.

Бұл — Қазақстан құрамасының Үндістандағы құрлықтық чемпионаттағы кезекті табысты нәтижесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button