
Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясындағы әртістік жүзу жарыстары өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы бұл сайысты 11 медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Ұлттық құрама жеті алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Екінші орынға Таиланд құрамасы (екі алтын, үш күміс, екі қола), ал үздік үштікке Өзбекстан командасы (екі алтын, бір күміс, бес қола) енді.
Бұл жетістік Қазақстанның әртістік жүзудегі айқын басымдығын және Азия құрлығындағы көшбасшы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.