
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Қазан айында Қазақстан құрамасы екі маңызды матч өткізеді:
Қазақстан – Лихтенштейн
ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
10 қазан 2025 жыл | 19:00
«Астана Арена», Астана
Солтүстік Македония – Қазақстан
ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
13 қазан 2025 жыл | 23:45
«Тоше Проески» ұлттық аренасы, Скопье
Қақпашылар
Сейсен | Шайзада | Покатилов | Төлепберген
Қорғаушылар
Қасым | Вороговский | Әліп | Малый | С.Астанов | Жагоров | Жұмаханов | Совет | Қайыров | Қашкен | Әшірбек
Жартылай қорғаушылар
Зайнутдинов | Оразов | Чесноков | Қуат | Халматов | Жуков | Қасабулат | Жұмат | Қараман | Төлебай
Шабуылшылар
Кенжебек | Самородов | Сәтпаев | Свиридов | Шушеначев