Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысады

11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді.
Биылғы құрлық біріншілігіне 22 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қатар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония құрамалары бар.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова.
Айта кетсек, Азия чемпионатының қорытындысы әлемдік рейтингке әсер етіп, алдағы халықаралық турнирлерге қатысу мүмкіндігіне ықпал етеді.



