Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында әртістік жүзуден екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында әртістік жүзуден екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су спорты түрлерінен жарыстар жалғасуда.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден табысты өнер көрсетіп, екі алтын және бір қола медальға қол жеткізді.

Жекелей сайыста (еркін бағдарлама) Карина Магрупова мен Виктор Друзин қарсыластарына мүмкіндік бермей, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Ал аралас жұптар арасындағы (еркін бағдарлама) сайыста Наргиз Болатова мен Виктор Друзин қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында әртістік жүзуден жүлде санын арттырып, үздіктер қатарындағы орнын бекемдей түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button