
Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қазақстандық үстел теннисші Алан Құрманғалиев қола медаль жеңіп алды.
Ол жартылай финалда жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылды. Осы нәтижемен Құрманғалиев турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, 1/4 финалда қазақстандық спортшы жастар арасындағы әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.