Спорт Министрі | Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев әлем чемпионын жеңіп, China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев әлем чемпионын жеңіп, China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

Жартылай финалға жолдама алу үшін өткен тартысты матчта Алан жекелей және жұптық сайыста жастар арасында әлем және Азия чемпионы Ли Хэченнен (Қытай) басым түсті.

Кездесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button