
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» 5:0 есебімен ұтты.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алматылықтар басымдық танытты. 9-минутта Сәтпаев пенальтиден есеп ашты. Кейін Жоржиньо дубль (20’, 35’) авторы атанды. 43-минутта Эдмилсон, ал ойынның соңында Тұяқбаев тағы бір гол соғып, қорытынды есепті орнатты.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» турнир кестесінде «Астанадан» екі ұпай озып, қайтадан көш басына шықты.