БАСҚАЛАРЫ
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтетін China Youth Smash турниріне қатысады

3-5 қазан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен халықаралық China Youth Smash 2025 турнирі өтеді.
19 жасқа дейінгі жас санатында жастар арасында әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ким Гаон (Корея, жастар арасында халықаралық рейтингте №3), Ли Сынсу (Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайбэй, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15) және басқа да спортшылар бар.
Қазақстан атынан бұл додаға Алан Құрманғалиев (№9) қатысады. Ол өз тобында Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен кездеседі.