Спорт Министрі | Денис Тен мемориалы: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарламадағы нәтижелері
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Денис Тен мемориалы: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарламадағы нәтижелері

Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы аясында әйелдер арасында қысқа бағдарламадағы сайыстар аяқталды.

Аралық бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин иеленді — 64.78 ұпай. Екінші орында — канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші орынға АҚШ өкілі Джозефин Ли (54.15) жайғасты.

Амира Ирматова алтыншы орында — 47.22 ұпай. Нұрия Сүлеймен жетінші нәтижемен жарысты аяқтады — 44.95. София Фарафонова сегізінші орынға табан тіреді (42.47). Вероника Коваленко оныншы орында — 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орынмен шектелді — 30.59.

Айта кетейік, 2 қазанда ерлер қысқа бағдарламада сынға түседі. Ол Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button