Спорт Министрі | Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирде әлем чемпионатының жүлдегерін жеңді
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирде әлем чемпионатының жүлдегерін жеңді

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Smash 2025 халықаралық турнирін аяқтады.

Іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы Мальта өкілі Амирреза Аббасиден басым түсті.

Одан кейін ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швециялық Маттиас Фалькты 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Үшінші айналымда Кирилл командалық сайыста Әлем кубогының қола жүлдегері, англиялық Томас Джарвисонды 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың негізгі кезеңіне шықты.

Өкінішке қарай, 1/32 финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Симон Гозиге (Франция) 0:3 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button