БАСҚАЛАРЫ
Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: қазақстандықтардың топтық жарыстағы нәтижелері

Кигалиде (Руанда) тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды.
Әйелдер арасында өткен топтық жарыста Қазақстан намысын екі спортшы қорғады.
Алайда отандастарымыз лайықты нәтиже көрсете алмады. Фаина Потапова мен Ақпейіл Өсім жарысты аяқтамады.
Канадалық Магделейн Валье жеңіске жетті. Жаңа Зеландия өкілі Ниам Фишер екінші болды. Ал үшінші орынға испаниялық Маргарита Гарсия табан тіреді.



