
Алматыда өткен Чемпиондар лигасының 2-тур ойынында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» командалары кездесті. Кездесу қонақтардың айқын басымдығымен аяқталды – 0:5.
Алғашқы голды 25-минутта пенальтиден Мбаппе соқты. Екінші таймда француз шабуылшысы тағы екі мәрте (52’ және 74’) көзге түсіп, хет-трик жасады. 83-минутта Камавинга, ал қосымша уақытта Диас есепті түйіндеді.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын ала алмады. Алматылық клубтың келесі ойыны 21 қазанда «Пафосқа» қарсы өтеді.