ҚЫСҚЫ СПОРТ
Денис Тен мемориалы: мәнерлеп сырғанаудан Алматыдағы турнирге Қазақстан атынан кімдер қатысады

1 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир — Денис Тен мемориалы басталады.
Жарыс аясында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады.
Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Ерлер
— Михаил Шайдоров
— Диас Жиренбаев
— Никита Кривошеев
— Олег Мельников
Әйелдер:
— София Фарафонова
— Амира Ирматова
— Вероника Коваленко
— Нұрия Сүлеймен
— Амина Алексеева
— Карина Исакова
— Русалина Шакирова
Мұздағы би
Бойсангур Датиев / Гаухар Наурызова