Спорт Министрі | ҚПЛ-ДЫҢ 24-ТУРЫ: «АСТАНА» КӨШ БАСТАП, АУТСАЙДЕРЛЕР ОРЫН АУЫСТЫ
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ-ДЫҢ 24-ТУРЫ: «АСТАНА» КӨШ БАСТАП, АУТСАЙДЕРЛЕР ОРЫН АУЫСТЫ

27-28 қыркүйек күндері футболдан Премьер-лиганың 24-тур ойындары өтті. Нәтижесінде «Атырау» ұзақ уақыттан кейін соңғы орыннан көтеріліп, «Тұранды» турнир кестесінің ең төменгі сатысына сырғытты.
 
Ойын нәтижелері:
«Ұлытау» – «Атырау» – 1:5
«Жеңіс» – «Тұран» – 6:3
«Ақтөбе» – «Қызылжар» – 1:0
«Оқжетпес» – «Астана» – 1:2
«Елімай» – «Ордабасы» – 2:1
«Тобыл» – «Қайсар» – 1:0
«Ұлытау» (Жезқазған) – «Атырау» (Атырау) – 1:5 (1:0)
Голдар: Сламбеков, 16 (1:0); Дорофеев, 63 (1:1); Труфанов, 67 (1:2); Дорофеев, 80 (1:3); Юденков, 83 (1:4); Згурский, 84 (1:5).
Жезқазғанда басталған турдың алғашқы матчында «Атырау» аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Бірінші таймда алаң иелері есеп ашып, жанкүйерлерін қуантқанымен, екінші тайм басында бір ойыншысынан айырылған соң жағдай күрт өзгерді. «Атырау» сан басымдығын тиімді пайдаланып, екінші 45 минутта бес гол соғып, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін «мұнайшылар» соңғы орыннан көтерілсе, «Тұран» турнир кестесінің ең төменгі сатысына түсті.
«Жеңіс» (Астана) – «Тұран» (Түркістан) – 6:3 (5:3)
Голдар: Қараман, 8 (1:0); Қараман, 16 (2:0); Садовский, 22 (3:0); Солодовников, 24 (3:1); Садовский, 27 (4:1); Мартинш, 42 (5:1); Тевзадзе, 43 (автогол – 5:2); Чирков, 45+1 (5:3); Тевзадзе, 88 (6:3).
Егер «Тұран» бұл ойында жеңіске жетсе, «Атыраудың» жағдайы қиындап, қайтадан соңғы орынға сырғуы мүмкін еді. Бірақ түркістандықтар матч басын өте сәтсіз өткізіп, «Жеңіс» алғашқы жарты сағатта-ақ төрт гол соғып, ойын тағдырын шешіп тастады. Қонақтар бірінші таймда бір, екінші таймда екі гол соққанымен, таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп – 6:3. Осылайша «Жеңіс» турнир кестесінде 6-орынға көтерілді, ал «Тұран» соңғы орынға түсіп қалды.
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Қызылжар» (Петропавл) – 1:0 (1:0)
Гол: Соса, 8 (1:0).
Турдағы ең аз гол соғылған матчта «Ақтөбе» футболшылары ерте соққан жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Петропавлдықтардың бір ойыншы алаңнан қуылған соң, ақтөбеліктер есептегі басымдығын сақтап қалды. Бұл – «Ақтөбенің» соңғы үш турдағы алғашқы жеңісі.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Астана» (Астана) – 1:2 (0:1)
Голдар: Грипши, 5 (пенальти – 0:1); Грипши, 81 (0:2); Чондрич, 90+2 (автогол – 1:2).
Көкшетауда өткен ойында бас төреші Бақыт Абдуллаевтың алғашқы ысқырығынан кейін-ақ «Астана» клубы басымдыққа ие болды. 5-минутта Назми Грипши пенальтиді мүлтіксіз орындап, чемпионаттағы 14-голын соқты. Екінші таймды да елордалықтар қарқынды бастады. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалған Назми Грипши тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. «Оқжетпес» тек қосымша уақытта гол соғып, есепті қысқартты. 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Астана» уақытша турнир кестесінің көшбасшысы атанды.
Тур матчы
 
«Елімай» (Семей) – «Ордабасы» (Шымкент) – 2:1 (0:1)
Голдар: Э.Астанов, 3 (0:1); Оразов, 84 (1:1); Мұртазаев, 90+5 (2:1).
Семейдегі тартысты матч жауын астында өтті. «Ордабасы» кездесу басында есеп ашып, ұзақ уақыт бойы алда тұрды. Бірақ соңғы минуттарда «Елімай» жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алды. Алдымен Оразов есепті теңестірсе, қосымша минуттарда Мұртазаев жеңіс голын соқты – 2:1.
«Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:0 (0:0)
Гол: Сигневич, 90+6 (1:0).
Ойын аса тартысты өтті. Қостанайлықтар матч бойы 19 соққы жасап, допқа 73% иелік етті. Қызылордалықтар соңына дейін берік қорғанып баққанымен, қосымша уақыттың соңында Сигневич жеңіс голын соғып, «Тобылға» үш ұпай сыйлады. Осылайша костанайлықтар чемпиондыққа таласты жалғастыратын болды.
Кейінге қалған матч «Қайрат» – «Жетісу» ойыны 5 қазанда өтеді.
25-тур ойындары
17 қазан
«Қызылжар» – «Қайрат»
18 қазан
«Атырау» – «Жеңіс»
«Тұран» – «Елімай»
«Ұлытау» – «Қайсар»
19 қазан
«Жетісу» – «Тобыл»
«Астана» – «Ақтөбе»
«Ордабасы» – «Оқжетпес»

Басқа жаңалықтар

Back to top button